ЖАС АНАНЫ ЖАСТАР АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЖАС АНАНЫ ЖАСТАР АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

47 просмотров

ЖАС АНАНЫ ЖАСТАР АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай үшемдерді өмірге алып келген жас ана Жанар Анарбаеваны құттықтады. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекенінің жас тұрғыны Жанар Сапарбекқызы жыл басында Адина, Медина, Үсен есімді ұл-қыздарды өмірге алып келген болатын. Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы. Қалыпты жағдайда өсіп келеді.
Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Иматов, Мақтарал аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Сүндет Кенжебаев, Жетісай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мұхтар Бейсенбаев және Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Эрнар Бектаев жас анаға ізгі тілектерін айтып, сый-сияпаттар табыстады.
Амалбек Дәркенұлы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Жастармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жоспарларымен бөлісіп,қоғамдық істерді атқаруда белсенді болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *