«ЖАС ОТБАСЫ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ

«ЖАС ОТБАСЫ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ

17 просмотров

«ЖАС ОТБАСЫ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ

Түркістан қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ауыл және жұмысшы жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас отбасы» отбасылық спорттық сайысы өтті. Мұндағы басты мақсат – отбасы құндылықтарын қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық байланысты арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Сайыста Балуан Шолақ спорт кешенінің директор орынбасары оқу ісінің маманы Айнұр Амирова, Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты жасөспірім туризм орталығының маманы Абайхан Бегалиев, Түркістан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Гюзал Нуруллаева, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу сектор меңгерушісі Гауһар Байтілеуова әділ қазылық етті.


– Бұл жарысқа 35 жасқа дейінгі жас отбасылар қатысып жатыр. Команданың атынан жарысқа қатысу үшін барлық отбасы мүшелері өтініш хат толтырды. Сайыстың тағы бір ерекшелігі көпбалалы және өзге этнос өкілдерінен қатысушы отбасыларға ерекше көңіл аударылатын болады. Жүлде қоры І орын 60 000 теңге, ІІ орын 40 000 теңге, ІІІ орын 20 000 теңгені құрайды Ал, қатысушы балалардың жастары 9 – 15 жас аралығын қамтиды. Барлық қатысушы топтарға сәттілік тілеймін,- деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ералы Қамбар.

Тартысты отбасылық додада барлығы 10 отбасы «Менің отбасым», «Мұртты кенгуру», «Пингвин», «Кім жылдам?», «Футбаскет», «Доппен жүріп өту», «Арқан тартыс» сынды 7 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, І орын «Ұлан», ІІ орын «Қыран», ІІІ орын «Достық» және «Жалын» топтарына бұйырды. Өзге де сайысқа қатысушы топтарға арнайы алғыс хаттар тапсырылып, қаржылай марапатқа ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *