ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

30 просмотров

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы лауазымына Өміртай Амалбек Дәркенұлы тағайындалды.
Өміртай Амалбек Дәркенұлы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті «Әлемдік экономика» мамандығын үздік тәмамдаған. Халықаралық экономикалық қатынастар магистрі, қазірде «Әлемдік экономика» бойынша РhD докторант. Президенттік шәкіртақы иегері.
Германия, Польша, Қытай мемлекеттерінде мемлекеттік басқару ісі бойынша шетелдік, сондай-ақ, Назарбаев университетінде, Мемлекеттік басқару академиясында ғылыми іс-тәжірибелік тағылымдамалардан өткен.
Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінде бастап, үкімет аралық келіссөздер мен форумдарды ұйымдастыру бойынша жауапты қызметтерді атқарған.
2018-2019 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы, Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің директоры орынбасары, «Түркістан» ӘКК» Түркістан Инвест ұйымында Экспортты ілгерлету орталығында жетекшілік жасаған.
Қоғамдық белсенділігі мектеп қабырғасында басталып Шымкент қаласы №78 мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы, 2011-2017 жылдар аралығында студенттік декан, Алматы қаласы «Заңғар» пікір-сайыс клубының төрағасы, «Тинберген» саяси-экономикалық клубының жетекшісі, Рухани жаңғыру бағдарламасы «Ұлттық аударма бюросы» ҚБ-ның саяси-экономикалық бағыттағы редактор-аудармашысы қызметтерін атқарады.
Республикалық пән аралық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың, интелектуалдық байқаулардың жеңімпазы. Халықаралық скопус базасында, ҚР Ғылым комитеті ұсынған журналдарда 10 ғылыми мақаласы, республикалық-аймақтық басылымдарда 50-ден астам ғылыми-публистикалық еңбектері жарияланған.
Ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. ҚР ҚК запастағы офицері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *