Жастар тарихи орындарды аралады

Жастар тарихи орындарды аралады

20 просмотров

Жастар тарихи орындарды аралады

Еріктілікті дамытудың 7 бағытының бірі «Асыл мұра» аясында Келес ауданының жастары өңірдегі тарихи жерлерге саяхаттады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары мен «Jas-Keles Eriktileri» ұйымының волонтерлары бірлесе ұйымдастырған шарада тарихи орындар жайында кең көлемді ақпараттар берілді.

Жастар тарихи орындарды аралады


Келес ауданында «Мыңтөбе», «Ақтөбе», «Күлтөбе», «Қаратөбе», «Жуантөбе» деп аталатын үлкен ауылдар бар. Биік, ұзақтан қарауытып көрінетін төбелер шамамен біздің дәуіріміздің V-VI-ғасырларында қолдан тұрғызылған деген болжамдар айтылады. Ел ішінде жаугершілік заманда онда от жағылып, келе жатқан жау туралы хабар таратылған деген де аңыз-әпсаналар бар.
Келес өзенін жағалай орналасқан биік төбелер қаншама уақыт өтседе әлі күнге дейін еңселі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *