ЖЕРЛЕСІМІЗ “ЕР — НАМЫС” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

59 просмотров

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75»  халықаралық турнирінің баспасөз брифингі өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталған шаралардың өтуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі баспасөз жиынына «ALASH PRIDE FC» промоушенінің президенті, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері Данияр Қасқарауов, Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов, спорт саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар кештің басты жекпе-жегінде сынға түсетін спортшыларда төбе көрсетті. Олар «Alash Pride FC75» чемпиондық белбеуді сарапқа салатын болады.

Баспасөз брифингінің алғашқы сөзі «ALASH PRIDE FC» промоушенінің президенті Данияр Алдабергенұлына берілді:

— Өздеріңізге белгілі, бүгін елорда уақытымен кешкі 18.00-де аралас жекпе-жектен халықаралық турниріміз өтеді. Айтулы додаға алты елден келген ең мықты 10 жұп шығатын болады. Кездесу өте тартысты өтеді деген сенімдемін.

Сонымен қатар жекпе-жек туралы деректі фильмге үлкен қолдау көрсеткен ел көз айымына айнала бастаған 2021 жылғы үздік телеарна атанған «Аралас жекпе-жек» ютуб каналының президенті Бауыржан Жиренбай бастаған ұжымға алғысымыз шексіз, ­-  деп атап өтті Данияр Қасқарауов.

Сондай-ақ бірнеше ел азаматтарына, спорт саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Нұр-Сұлтан қаласының спорт басқармасы Самат Жылқыбаевтан және Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Кездесуде БАҚ өкілдері сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Жиын соңында Республикалық «Ер – Намысы» қоғамы бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин  «Ер – Намысы» қоғамы бірлестігінің алқасының шешімімен бір ауыздан қолдап «ALASH PRIDE FC» промоушені президенті, ҚР құрметті спорт қызметкері Данияр Қасқарауовқа «Ер – Намысы» қоғамы бірлестігінің құрметті төрағасы болып сайлануымен құттықтап, оған куәлікті табыс етті.

Суретте “ALASH PRIDE-TURKISTAN” жауынгерлік клубының президенті, Республикалық “Ер — Намысы” қоғамы бірлестігінің Түркістан облысы филиалының төрағасы Аханов Мұрат Түймебайұлы.

Сондай-ақ осы күні «ALASH PRIDE-Turkistan» жауынгерлік клубының президенті Мұрат Аханов «Ер – Намысы» қоғамы бірлестігінің  Түркістан облысы филиалының төрағасы болып тағайындалды.

Осы игі істердің басы қасында жүрген ел азаматы республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының шеф редакторы, «Ер – Намысы» республикалық қоғамы бірлестігінің вице – президенті, «ALASH PRIDE FC» промоушенінің БАҚ-пен өкілі Жандос Аянбек екенін айту керек.

Дастан КЕНЖАЛИН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.