Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын бірге қорғайық

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын бірге қорғайық

20 просмотров

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын бірге қорғайық

Кейінгі кездері қоғамымызда баласынан безген безбүйрек ата-аналар баршылық. Бауыр еті туған баласын саудаға салуы, әлеуметтік жағдайын алға тартып, ұл-қыздарын жетімдер үйіне өткізуі, ішкілік пен нашақорлықтың соңына түсудің нәтижесінде ата-ананың баласына құқықтары шектеліп, балалар жетім қалып жатады. Алайда, елімізде жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ адамдарда көбейіп келеді. Яғни, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронаттық тәрбиеге және асырап алушылар саны жылдан-жылға артуда. Бұл бағытта шыққан Қазақстан Республикасының жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқын қорғауда көптеген Кодекстер, заңдар, қаулылар, бұйрықтар өз септігін тигізуде.
Бүгінгі бала — ертеңгі елін қорғайтын азамат болары хақ. Сондықтанда ата-аналарды өз балаларының құқығын, өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне аса жауапкершілікпен қарауға шақырамын!

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын бірге қорғайық


Жалпы әлеуметтік жетімдерге қамқорлық жасау әр адамзаттың міндеті екенін естен шығармайық.

Құдайберген Шербаев,

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *