Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

56 просмотров

Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті

Бүгін «Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюповтың, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Рысбековтың және сессия төрағасы Тәжібек Мұсаевтың төрағалығымен Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

Сессия барысында күн тәртібіне сәйкес, бірқатар шешімдер қабылданды. Атап айтсақ:

— Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, нарықтық қатынастарды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрамына Т. Мұсаев, С. Хандиллаев, У. Васитова, Д. Тәңірбергенов енгізіліп, төрағасы болып депутат Тәжібек Мұсаев сайланды.

— Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына С. Арыстанов, Ғ. Меңдибаев, Д. Жаппарқұл, А. Мансуров енгізіліп, төрағасы болып депутат Сүлеймен Арыстанов сайланды.

— Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм-спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына Ғ. Сәрсенбаев, Р. Ибадуллаева, Н. Жусипбаев, Ғ. Худияров енгізіліп, төрағасы болып депутат Ғаппар Сәрсенбаев сайланды.

— Табиғатты қорғау мен экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына депутаттар Ж. Сүлейменова, А. Тилепова, Ж. Жұман енгізіліп, төрағасы болып депутат Жәмила Сүлейменова сайланды.Сондай-ақ, мәслихаттың кезекті сессия төрағасы болып Ғаппар Сәрсенбаев сайланды. Одан өзге, барлық сайланған депутаттар мандатқа ие болып, куәлік пен төсбелгіге ие болды. Жетінші шақырылымды мәслихаттың хатшысы болып Мақсат Таңғатаров бірауыздан сайланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *