Жетісай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

101 просмотров

Жетісай қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жетісай ауданының әкімінің міндетін атқарушы Асан Жақыпбекұлының төрағалымен өткен жиында Жетісай қаласының өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
2022 жылы Жетісай қаласы бойынша жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Сарбаз, Ш.Уалиханов, Тоқтағұл, Ж.Мұса, Әндісай, Нарбаев тұйық, Момышұлы, Шалқыма, Рудаки көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 86 090 млн. тг.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын Д.Әлжанов(жоба), Жәнібек батыр, Қостөбе, Ақын Сара өткелі, О.Бөкеев өткелі, Т.Тоқтаров өткелі, МСУ, Рудаки тұйық, Ә.Бейсеуов, Біржан сал көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыныс жолданатын болады.
Жетісай қаласындағы Абылай хан, С.Жәштаев, Ш.Уалиханов, Қ.Омаршаев, Маханбет, Әл-Фараби, А.Нарбаев, Жастар, Ер Қосай, Б. Шолақ, Б.Жырау көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталған. Қаржыландыруды қажет етеді. Сондай-ақ, Оспанов, Қ.Аралбаев, И.Тайманов, Рудаки, Абай, Б.Момышұлы, А.Яссауи, С.Асфендияров, Е.Иманбердиев, Д.Әлжанов, С.Сейфуллин, А.Бөкейханов, Біржан сал, Н.Оңдасынов, Тәуке хан, А.Ишан көшелеріне жарықтандыру үшін сметалық құжаттамалары жасақталуда.
Айта кетейік, Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесу 30 маусым күні сағат 10:00-де Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжінің ғимаратында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.