Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы-тактикалық жаттығу өтті

Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы-тактикалық жаттығу өтті

30 просмотров

Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында арнайы-тактикалық жаттығу өтті

Түркістан облысы аумағында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу аясында ақпан айында өткізілетін арнайы-тактикалық оқу кестесін басшылыққа алып, кестеге сәйкес Жетісай қаласында оқу жаттығу іс-шаралары өткізілді.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша қалыптасқан жағдай төмендегідей:
Жетісай ауданы аумағында жауған күшті қар мен жаңбырдың салдарынан «Достық» каналы бұзылып, жол қозғалысы тоқтатылған.
Дабыл қағылып ТО ТЖД, аудандық ҰҚК, Прокуратура, АПБ және ТЖЖК Жедел жердем, «ҚазАвтоЖол» Жетісай бөлімшесіне хабарланды.
27.02.2020 жылы 09 сағат 00 минутта түскен хабарлама бойынша ауданның ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы төрағасы хабарландырылып, Жетісай қаласында орналасқан «Достық» каналының бұзылған жерін темір бетон плиталар, құм салынған қапшықтар және тоқтатылған жол қозғалысын қалпына келтіруге аудандық құтқару жасағынан 40-жеке құрам, 1-дана ПАЗ-автобусы, «ҚазАвтоЖол» Жетісай бөлісшесінен 1 дана — МТЗ-82 тракторы, 1 дана — жүк көтергіш автокраны, 1 дана — КДМ Камаз құм-тас шашатын, 1 дана — бульдозер және 10 жеке құрам, Жетісай ауданының №3-МӨСБ жоғарғы жүрісті 2-дана АЦ-6-70 (Камаз-43118) өрт сөндіру автокөлігі 9-жеке құрам. АПБ-нен 3 жол патрулдік автокөлігі және 9 жеке құрамы жұмылдырылды.
Жетісай қаласындағы Достық каналының бұзылған жері темір бетон плиталармен жабылып су тоқтатылды, Атакент-Жетісай бағытындағы тоқтатылған жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *