Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша дайындық өтті

Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша дайындық өтті

9 просмотров

Жетісай ауданында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша дайындық өтті

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиевтің төрағалығымен Еңбек ЛТД алдында көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындау бойынша «Көктем 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуға аудандық азаматтық қорғау қызметтері – аудандық басқармалары мен бөлімдері, қалалық әкім аппараты – Төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты. Жалпы: 25-техника, 195-адамды құрады. Оқу-жаттығу көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау жүйесі мен халықтың әзірлігін және қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңіндегі Төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *