ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

41 просмотров

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік топтама.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ


Бүгін аудандағы Атамекен және Мақталы ауылдық округтерінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тиісті топтамалар таратылды.
Үкіметтен бекітілген әлеуметтік топтаманың ауыл азаматтарына толық жетуіне жауапты “Шапағат нұры” ЖШС қаңтар-ақпан айларына аудандағы 1-6 жас аралығындағы 1026 балаға гигиеналық заттар топтамасын, 1-3 жас аралығындағы 438 балаға және 3-6 жас аралығындағы 588 балаға азық-түлік топтамаларын тарататын болады.
Айта кетейік, аудан бойынша кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға өтініш білдірген 1007 отбасының бүгінде 695-і мақұлданған. Қалғаны қаралу үстінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *