ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ РОБОТОТЕХНИКА КАБИНЕТТЕРІ КӨБЕЮДЕ

ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ РОБОТОТЕХНИКА КАБИНЕТТЕРІ КӨБЕЮДЕ

35 просмотров

ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ РОБОТОТЕХНИКА КАБИНЕТТЕРІ КӨБЕЮДЕ

Жетісай ауданындағы мектептер робототехникалық құрал-жабдықтармен қамтылуда. Қазіргі таңда 13 білім беру мекемесіне толығымен заманауи құрылғылар берілген. Ал, биылғы жылы аудан басшысының қолдауымен тағы 3 мектепте IT-сынып ашуға жергілікті бюджеттен 24 млн 147 мың теңге қаржы қаралып отыр.
Жастар да робототехника бойынша білімдерін жетілдіріп, түрлі сайыстарға қатысуда.
Жуырда «ROBOTECH – 2020» технологиясы негізінде аймақтық ашық чемпионаты болып өтті. Сызық бойымен жүру, робосумо-интеллектуалды ойыны, робосумо, кегельринг-квадро және бәйге атты 5 санаттан тұратын сайысқа Жетісай және Мақтаарал аудандарынан 60 командада 120 оқушы қатысты.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Түркістан облысы әдістемелік кабинетінің, білім бөлімі мен «ROBOTURKISTAN» Түркістан облыстық білім беру және спорттық робототехника федерациясының ұйымдастыруымен өткен іс-шара қорытындысында үздіктер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *