ЖЕТІСАЙДА ТОПЫРАҚ ЖОЛДАР МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

ЖЕТІСАЙДА ТОПЫРАҚ ЖОЛДАР МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

12 просмотров

ЖЕТІСАЙДА ТОПЫРАҚ ЖОЛДАР МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында биыл жол жондеуден рекордтық көрсеткіш орнамақ. Олай деуімізге себеп аудан ауылдары мен орталығындағы біршама көшелер қайта қалпына келтіріп жаңартылуы. Сондай-ақ, біршама көшеге жаңадан тасжол төселмек.

Тақтата айтайық. Жетісай ауданы бойынша биыл 1 республикалық маңызы бар (А 15) 3 облыстық маңызы бар автомобиль жолы(КХ 117, КХ 164, КХ 86) және бір аудандық маңызы бар (КХJS-1) автомобиль жолы, елді мекендерге қарасты 42 ішкі көшеге орта жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы тиісті мамандардан сұрап білдік. «Қазіргі таңда аталған жұмыстардың 60 пайызы аяқталды. Қолайлы ауа-райын пайдаланып максималды түрде жолдарды жөндеуден өткізетін боламыз. Алдағы мақсатымыз аудан әкімінің тапсырмасына орай аудан бойынша топырақ жолдар мәселесін түбегейлі шешу» дейді Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлмеш Нүркен.

Топырақ жолдар мәселесі түбегейлі шешімін тапса, Жетісай бұрынғыдан да жайнай түсетініне сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *