ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТАПШЫЛЫҚ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТАПШЫЛЫҚ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

25 просмотров

ЖЕТІСАЙДА

Ауданның құрылыс саласына 4,8 млрд теңге қаралып, өткен жылы 2 мектеп қолданысқа берілсе, тағы 7 мектеп пен 2 тұрғын үй ағымдағы жылға өтпелі. Аталмыш салаға биылғы жылы тағы 842,4 млн теңге қарастырылып, қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекенінде құны 76,8 млн теңгені құрайтын медицина мен әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, аудандық «Нұғман» орталық мешітінің жанынан құрылған «Баспанаға жол» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен Жетісай қаласынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын 3 бөлмелі 3 баспана берілген.
Мұнан бөлек, биылғы жылы аталған қоғамдық қор арқылы аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 96 млн теңгені құрайтын 12 баспананы тапсыру жоспарланып отыр.

Aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *