ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАДЫ

27 просмотров

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАДЫ

Аспанасты елінен бастау алған covid19 індеті бүгінде әлем халықтарының жүрегіне үрей ұялатты. Оның ішінде біздің елімізге де жетіп, төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар ірі қалалар мен облыстар, мегаполистер карантиндік режимге жабылып, індеттің таралмауының алдын алу жұмыстары барынша күшейтілген.
Елдегі төтенше жағдай кезеінде Жетісайлық кәсіпкерлер де шама-шарқынша елге қолұшын созуда. Бірі – аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және карантиндік аймақтағы отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттар жағынан көмек берсе, енді бірі – медициналық препараттар мен қажетті құрал-жабдықтарды әперуде.
Сондай жомарт жандардың бірі, жас кәсіпкерлер, Жетісай ауданы, Асықата өңірінің тумалары, «Астана Строй Проект» ЖШС директоры Данияр Аташов пен «ATASH GROUP» ЖШС директоры Исатай Аташовтар. Жас кәсіпкерлер өздерінің есебінен аудандық «Жетісай» орталық ауруханасына жедел қызмет көрсетуге арналған 4 комплект жасанды тыныс алу аппараттары мен қызу өлшегіш құралдарды сыйға тартты. Оттегі концетраторлары, оттегі маскалары мен мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал.
«Індетке шалдыққан науқастың өкпесіндегі тыныс алу жолдары зақымданғанда оттегі жетіспеушілігі туындайды. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы өте зор» деген мамандар кәсіпкерлерге алғыстарын білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін табысты кәсіпкерлер көршілес Мақтаарал ауданындағы аудандық «Мырзакент» орталық ауруханасына да дәл осындай 2 жасанды тыныс алу аппараттарының жиынтығын сыйға тартқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *