ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР КӨШЕНІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР КӨШЕНІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

8 просмотров

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР КӨШЕНІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

2020 жыл – Еріктілер жылына орай Жетісай ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және көше бойларын тазалау мақсатында «Плоггинг» акциясы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған плоггингке ауданның студент жастарынан құралған «Жарық Әлем» еріктілері қатысып ұйымшылдық танытты.
­
Плоггинг – жүгіру мен тазалықты ұштастыру арқылы экологияға қамқорлық танытудың бір түрі. Науқанға жас шамасы мен спорттық дайындығына қарамастан барлық ниет білдірушілер атсалысты. Іс-шара таңғы 8:00-де басталып, қаланың кіреберіс М.Әуезов көше бойынан «Жеңіс» алаңы, Қ.Рысқұлбеков атындағы орталық саябағы аралығында ұйымдастырылды.
­
Айта кету керек, «Плоггинг» акциясы алғаш Швецияда пайда болған, «Плоггинг» сөзі жүгіру және қоқыс жинау деген мағынаны береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *