ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ

96 просмотров

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп атағаны белгілі. Осыған орай Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Қарой ауылының еріктілері ауылдағы қарияларға қолұшын созып, үй шаруаларына қолғабыс жасады. Негізінен ауылдағы «Рудаки» жалпы орта мектебінің 9-10 және 11 сынып оқушыларының 40-қа тарта жігіт-қыздарынан құрылған еріктілер алғаш болып 100 жастан асқан Нәлше Бекшораев ақсақалдың үйінде болды. Ауыл жастары ауладағы отындарды шауып, суларын тасыды. Қыздар аула сыпырып, үй шаруасына көмектесті, шаң сүртті, ыдыс-аяқтарын жуды. Еріктілердің мұндай бастамаларына қолдау білдірген Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров жастарға алғысын білдірді.

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ


Сонан соң ерікті жастар Шырынбай Сафаров, Әміре Мәуленов ақсақалдармен қатар Назипа Темірованың үйінде болды. Ол кісілердің де үй шаруаларына қолғабыс жасады. Қазыналы қариялармен тілдесіп, өнегелі ғұмырларынан ғибратқа толы әңгімелерін тыңдады.
«Бүгінгі бейбіт заман сендердің терең білім алып, адал еңбек етулеріңе барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Елдегі ұлтаралық татулық, саяси тұрақтылық, этносаралық ауызбіршілік – аз еңбекпен келген жоқ. Мұның бәрі мемлекет басқарып, ертеңін нақты болжай алған басшылардың қажырлы еңбегінің жемісі. Сондықтан, қолда бар құндылықтың қадірін біліңдер», — деген 100 жастан асқан қария Нәлше Бекшораев ерікті жастарға алғысын айтып, батасын берді.

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАР «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫН» ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫСПЕН БАСТАДЫ


Айта кетейік, ауыл жастарынан құрылған ерікті жастар тобы қариялардың үй шаруаларында ғана емес, ауылдарының тазалығын сақтауға да ниетті. Алдағы уақыттарда қатарларын қалыңдатып жол бойлары мен ауыл ішілік көшелерге жаппай сенбіліктер өткізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *