ЖОҒАЛҒАН ОҚУШЫ ҮЙІНЕ АМАН-ЕСЕН ОРАЛДЫ

ЖОҒАЛҒАН ОҚУШЫ ҮЙІНЕ АМАН-ЕСЕН ОРАЛДЫ

85 просмотров

ЖОҒАЛҒАН ОҚУШЫ ҮЙІНЕ АМАН-ЕСЕН ОРАЛДЫ

Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері 5 мамырда Түркістан — Ордабасы жолының бойынан бір тәулік бойы адасып жүрген 3-сынып оқушысын кезіктірген. Мамандар айдалада адасқан балақайды көлігіне отырғызып Төрткөл елді мекеніндегі блок постта тұрған Ордабасы ауданы білім бөлімінің өкілдеріне тапсырған. Мәлім болғандай бүлдіршін Ордабасы ауданы Төрткүл ауыл округі Жайылма елдімекеніндегі Жайылма бастауыш мектебінің оқушысы болып шыққан. Бірақ денсаулығына байланысты сабақты ұстаздары үйіне келіп оқытады екен.

Баланы тауып алған Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев пен бас маман Марат Адихановтардың айтуынша Мақсат Жорабектің ата-анасы алғашында баласын туысының үйінде деп ойлаған. Қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Өз жанұясына аман-есен оралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *