Жол құрылысы қарқын алған

Жол құрылысы қарқын алған

2 просмотров

Жол құрылысы қарқын алған

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан үлкен құрылыс алаңына айналып, бүгінде жұмыстар қызу жүргізілуде. Қала тұрғындарына сапалы өмір сүруге жағдай жасау мақсатында шаһардағы негізгі көшелерге асфальт төселіп, тас арықтар мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жаңартылуда.

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, биыл тапсыруды жоспарланған нысандар қатарында маусым айында жөндеу жұмыстары қарқын алған Балтакөл тасжолы бойындағы 1.2 км қашықтыққа созылған аллея да бар. «Көркем қала» ЖШС-і жауапты болып есептелетін мердігер қайта жаңғырту жұмыстарын атқарып жатыр. Құрылысшылар саннан бұрын сапаға мән берген. Жоба бойынша халыққа қолайлы веложолақ және таңертеңгі жаттығуға арналған жүгіру жолын салу да қарастырылған.

Т.Бәйтекұлы көшесіндегі екіқабатты үйлерде де жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған үйлерге табиғи газ кіргізу, кәріз жүйесін орналастырып, сыртқы әжетханаларды үйге көшіру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, көше бойын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да жасалатын болады. Көгалдардың суғарылуы үшін көше тұрғындарын қызметке алу да жоспарға алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *