ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

23 просмотров

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Карантинге қарамастан Түркістанда жол құрылысы қызып жатыр. Ұзындығы 6.5 шақырым болатын бір көше жаңадан салынуда. Сондай-ақ, 106.3 шақырым 81 көше жөнделуде. Осы жұмыстармен қатар 120,2 шақырым аяқ жол, 1 мыңнан астам жол белгісі, 8,9 шақырым суағар арықтар, 6,1 шақырым веложолақ салынады. Жұмыс сапасы да жіті бақылауда. Қалалық әкімдік облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығымен келісімшарт жасасқан. Соған орай орталық инженерлері төселіп жатқан жолдардан сынама алып, әр жұмыстың талапқа сай жүргізілуін бақылап жүр. Айта кетейік, Түркістан қаласында көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырым. Оның 30 пайызы ғана асфальталған. 56 пайызы- шағал тасты жол, 13 пайызы- топырақ жол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *