Жол қозғалысындағы тәртіп назардан тыс қалмайды

Жол қозғалысындағы тәртіп назардан тыс қалмайды

26 просмотров

Жол қозғалысындағы тәртіп назардан тыс қалмайды

Облыс орталығы болған екі жылдан астам уақытта жол құрылысына да баса назар аударылды. Шаһар сәнін кіргізіп, көлік кептелісінің алдын алған кең көшелер бүгінде ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Қаламызда соңғы жылдары көліктің жылдам көбеюі байқалады. Бұл дегеніміз көшелердің кеңейтілуімен ғана емес, жол полициясының бұрынғысынан да өнімді жұмыс жасауын талап етеді. Осы орайда қаламыздың тәртіп сақшыларына қойылар талап тым биік.

Өздеріне артылған жүктің ауырлығын сезінген бұл сала қызметкерлері де жұмыстарына үлкен ұқыптылық танытып, көңіл қуантарлық нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтар болсақ, тамыз айындағы есеп бойынша қткен жылмен салыстырғанда биылғы жол-көлік оқиғалары саны 7,3 %-ға, ал қаза тапқандар 50%-ға кеміген. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны 22,9%-ға азайған. Қаладағы көлік өсіміне қарамастан нәтиженің төмендемей, керісінше жақсы жаққа қарай өзгеруі полиция қызметкерлерінің тынбай еңбектенуінің нәтижесі. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2076 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына тоғытылған.

Қаламыздағы жалпы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу мақсатында 56 жаңа бейнебақылау құрылғысы қойылып, сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарға және көлік жүргізкшілеріне түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *