ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ

28 просмотров

ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ


Жаңадан салынған жолдарда апатқа ұшырап жатқандар көп. Бұған жол белгілері мен жылдамдықты өлшеу құралдарының жоқтығы себеп. Облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы мамандары ауданаралық жолдардың 60 пайызы талапқа сай еместігін айтып отыр. Ал биыл Түркістан облысында 15 380 ​ шақырым жолдың ой-шұңқыры жамалып, 45 мың шақырымының үсті тегістеледі. Қосымша 2000 жарықшам  орнатылмақ. Жол көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты облыс әкімі бұл мәселеге талдау жасап, тиісті шара қолдануды тапсырды. Осы орайда  жол белгілері, бағдаршам мен жылдамдықты өлшеу құралдары көбейтілмек. ​Айта кетейік, биыл жергілікті жолдардың сапасын 77.6 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Облыс аумағында барлық жолдар мен аудан-қала көшелерінің жалпы ұзындығы 16 746 шақырым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *