Жолдау ел сенімін нығайта түсті

Жолдау ел сенімін нығайта түсті

3 просмотров

Жолдау ел сенімін нығайта түсті

Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнап отырған екінші Жолдауы. Осы жолғы құжатта еліміздің әлемдік дағдарыс жағдайындағы алда тұрған міндеттердің нақтылы атап көрсетілуі Қазақстанның болашағына деген сенімді нығайта түсті. Індеттің етек алуы бар, одан қалды, шағын және орта бизнес саласының шектеулі жұмыстары халықтың табысын азайтты. Жұмыстары тоқтап қалғанна кейін көптеген сала күрделі жағдайларға кезікті. Міне, осы жағдайдан, яғни, осы тығырықтан еліміз қалай шығар екен деген ой әрқайсымызды мазалайтын.
Сол ой түкпірінде жатқан беймаза жайларға жарық бір сәуле түскендей болды да, ел болашағының кемел екендігіне сенім нығая түсті. Сол сенімді Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды!» деп өз Жолдауында халқының алдында анық мәлімдеген сәтте тағы да айқын сезінгендей болдық.


Жер мәселесі біраз жылдардан бері түрлі саяси ойындардың ошағына айналғаны да жасырын емес. Енді міне, қазақ жері өзімдікі деп сол жерге барынша жанашырлықпен және мейлінше жауапкершілікпен қарайтын кез келді.

Орынбек Қасымбеков,

«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *