ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

19 просмотров

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ

Бүгін, 1 қыркүйек 2020 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Жолдауда Елдегі барлық салалар қамтылып, шешу жолдарына нұсқау көрсеттілді. Жолдаудың барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамдағы барлық жағдайды бақылап отырғаны байқалды. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру, қағазбастылық (бюрократия)дан айырылу мәселелері атап өтілді. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сапасыз» мемлекеттік қызметкерлерді 2020 жылы 10%-ға, 2021 жылы 15% қысқартып Халыққа оңтайландыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын қызметін онлайн форматта қол жетімді қылу керектігіне тоқталды. Бұл мәселе менің ойымша өте орынды, қазіргі цифрлық заманда қарапайым халықты Бос әуреге салмай өздеріне керекті қызметті алу үшін оңайлату болып табылады.Бұдан бөлек Мемлекет басшысының пікірінше, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін емес. Алдымызда мемлекеттің азаматтарға қызмет етуінің жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс бар. Бұл істе маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үлкен реформалар күтіп тұр деп атап өтті.Жолдаудың соңына қарай Президентіміздің « Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз » айтқан сөзін өзіме жылы қабылдадым. Әр адам мемлекетіміздің дамуына қажірлі еңбек етсе, біз дамыған мемлекеттерден кем түспейтін, әрқашан алғы қатарда жүретін Елге айналатынымызға кәміл сенемін.

Сержан Керімбеков,

Түркістан қаласы Жергілікті және Мемлекеттік Басқару мамандығының магистрі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *