ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 400 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕДІ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 400 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕДІ

7 просмотров

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 400 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕДІ

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаеваның Шымкент қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығын аралау кезінде белгілі болды.Естеріңізге сала кетейік, орталық 2020 жылдың желтоқсан айында Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында ашылып, Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасында орналасқан. Орталықтың жалпы ауданы 250 шаршы метр. Орталық дамуында ауытқулары бар ерте жастағы балаларға арналған. Мұнда балалар 21 күнге созылатын курстардан өтеді. Амбулаториялық және стационарлық оңалту тегін көрсетіледі.Дариға Назарбаева педагогтардың түзету сабақтарына, емдік дене шынықтыру және механотерапияның жеке сабақтарына қатысты, сондай-ақ сараптамалық сыныптағы электроэнцефалографта және кешенді аудиометрде балаларды диагностикалық тексеру шараларымен танысты.Айта кету керек, осы уақытқа дейін Түркістан облысында мұндай жабдықтар тек жеке меншік орталықтарда ғана болған. «Ерте араласу орталығы моделінің ерекшелігі – аумағы мен мамандар тобының аз болғанына қарамастан әр балаға 70-ке дейін оңалту қызметін ұсыну мүмкіндігі. Үш оңалту курсы жұмысының нәтижелері баланың дамуына ерте кешенді әсер етудің маңыздылығы мен тиімділігін тағы да дәлелдейді. Әр балада оң динамика байқалады, ал бес сәбиіміз оңалту сабақтарынан кейін алғашқы қадамдарын жасады», — деді орталық директоры Ләззат Кучкарова.Жыл соңына дейін 400 бала Шымкентте оңалтудан өтеді.Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ерте араласу қызметін дамытудың тиімділігі мен қажеттілігін ескере отырып, Елбасының «Қамқорлық» бастамасының екінші кезеңі аясында осындай орталықтардың ашылуын жалғастыруды жоспарға алды.Дариға Назарбаева Түркістан облысындағы жұмыс сапары аясында Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында ашылған инклюзияны қолдау кабинеттеріне де барды. Кабинеттер «№1 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп» КММ және облыс орталығындағы «№ 21 жалпы орта мектеп» КММ орналасқан. Олар арнайы жиһаздармен және жабдықтармен, интерактивті тақтамен, Монтессори материалдарымен, дидактикалық құралдармен жабдықталған. Кабинеттер қарапайым сыныпқа ұқсас, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке және кіші сыныптарда жұмыс істеуге дағдыланған. Кабинеттер, сондай-ақ балаларды сенсорлық жеңілдету мен мұғалімнің жұмыс орны аймақтарына бөлінген.ИҚК-да Дариға Назарбаева балалармен танысып, олардың жеке ассистенттерімен (тьюторларымен) әңгімелесті. Тьютор сүйемелдеуін аутистік спектрі бұзылған әрбір оқушы әдеттегі сыныптағы сабақ кезінде де, инклюзияны қолдау кабинетінде де алады. Ассистенттің негізгі міндеті – балаға мүмкіндігінше өз бетінше өмір сүруге көмектесу.Бала ерекшеліктеріне байланысты ИҚК-да логопедиялық, дефектологиялық сабақтарда жеке түзету жұмыстары жүргізіледі. Қор директоры мектеп сабақтарына қатысып, ерекше оқушылардың сыныптың жалпы жұмысына қалай қосылатынына да назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *