Жыл соңына дейін «Дендросаябақ» пен «Тұңғыш Президент» саябағы қолданысқа берілмек

Жыл соңына дейін «Дендросаябақ» пен «Тұңғыш Президент» саябағы қолданысқа берілмек

16 просмотров

Жыл соңына дейін «Дендросаябақ» пен «Тұңғыш Президент» саябағы қолданысқа берілмек
Түркістан қаласы аумағында отбасылық серуендеуге бағытталған «Жібек Жолы» саябағы қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін «Дендросаябақ», «Тұңғыш Президент» саябағы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.
Одан бөлек жаңа нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Денсаулық», «Жастар» саябағымен қатар, Әмір Темір көшесіндегі су мұнарасының құрылысы жаңартылуда.
Сонымен бірге, Шекті Тілеу көшесінде габиондық безендіру жүргізілуде. Майкөтов, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы айналма жол торабы мен Отырар мөлтек ауданындағы жаңа көп қабатты үйлер аумағына ағаштар егілуде.
Аталған аумақтарға 120 мың түп қатаң климатқа бейімделген ағаш көшеттері егілмек.
Бұл ағаштардың басым көпшілігі ХҚТУ аумағындағы ботаникалық бақтың тұқымбағында арнайы өсірілген көшеттер. Олар айлант, карағаш, гужум, жиде, күл ағашы, акация, сәмбі ағаш (ива), терек ағаштары. Егілген көшеттер каналдан гидранттық және су ұңғымаларынан суғару жүйесін жүргізу арқылы суғарылатын болады.
Және шаһар аумағында қосымша 42 000 түп ағаш егіледі деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *