ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

5 просмотров

Сарығаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауданның экономика және қаржы салалары бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Алдымен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабулов 2022-2023 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысында аудандағы барлық бюджеттік мекемелерге жоспар бойынша 7474 тонна қатты отын және 60 000 литр сұйық отын толық тасымалданғанын жеткізді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудандағы жеке тұрғындар мен жылыжайларға жоспар бойынша 57200 тонна қатты отын қажет екені туралы баяндады.
Содан кейін, күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев ағымдағы жылдың 8 айында аудан бюджетінің 95,6 пайызға орындалғанын, ал 9 айда күтілетін болжамның орындалуы 99,7 пайыз екені туралы хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне бөлінген қаржыны толық игермеген жағдайда бірінші басшының жауапкершілігі қаралатынын ескертіп және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.