
Онлайн форматта жүргізілетін «Ахуалдық-талдау орталығының» бақылау қорытындысы бойынша топтың тиімді жұмыс істеуіне қатысты нақты ұсыныстар берілді. Медициналық мекемелерге коронавирус белгілеріне жақын ауру түрлеріне зерттеу жасап, алдын алудың маңыздылығы айтылды.
Облыс аумағында карантин мен шектеу шаралары қатаңдатылды. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды көршілік жиналатын орындар мен үй аумағында өткізуге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатыспаған нысандар – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне рұқсат жоқ.
Аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары