САЙРАМ: Карантинде той өткізгендер қалай жазаланады?

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Асқар Бекболатұлының «Сайрам, Төлеби аудандары аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына сәйкес той жасауға тыйым салынғаны барлығымызға аян.
Алайда, карантин кезінде «Қазақтың тойы бітпесін» деген ұранды арқау етіп, жасырын той өткізіп жүргендердің қарасы көп.
Карантинде той өткізгендер қалай жазаланады? Заңбұзушылыққа жол берген жағдайда режимді бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Той иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Нысан иелері 230 АЕК ( 319 470 теңге) төлеуге міндетті.
Сондай-ақ,  мобильді топ мүшелерінің жүргізген тексеруі нәтижесінде Ақсукент ауылдық
округінің кәсіпкерлері аудан аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» №18 қаулысына бағынбай, өз нысандарында емін- еркін жұмыс жүргізгені анықталды.
«Осыған байланысты құқық қолдану практикасы және ескертуді азайту мақсатында карантин шараларын үнемі бұзатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтату мәселесі қаралатын болады», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *