САЙРАМ: Мобильді топтардың жұмысына кедергі жасаушылар көп

Ауданда 10 егу пункттері ұйымдастырылған, қосымша 2 пункт қосылды. Дегенмен, тұрғындар арасында той, жиындарға бару толастамай тұр. Жасырғанның жарасы асқынады демекші, өз бетінше үйде емделу, денсаулығына немқұрайлы қарау қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын мобильді топтар үздіксіз түсіндірумен келеді. Оған құлақ аспай, өз бетінше әрекеттенетіндер аз емес. Мысалы, Құтарыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде өткен аптаның сенбі күні той өтіп, 11 адам ауруханадан бір-ақ шықты. Олармен тағы бірнеше ондаған адам қатынаста болған. Қазір осы адамдар карантинге жабылды.

Сайрам ауданының тұрғындар арасында той, жиындарға бару толастамай тұр. » Жасырғанның жарасы асқынады» демекші, өз бетінше үйде емделу, денсаулығына немқұрайлы қарау қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын мобильді топтар үздіксіз түсіндірумен келеді.

Ауданда арнайы құрылған мобильді топтардың жұмысына кедергі жасаушылар көп. Жақында бір тойдың үстінен түскен мобильді топқа той иелері «бұл той емес, әкеміздің жылдық асы» деп мойындамай, дау тудырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *