
Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша өзін-өзі ұсынған кандидат Керімбеков Мырзахан Батырбекұлы Құтарыс ауылдық округінің әкімі лауазымына кірісті.
«Жауапкершілік сайланған әкімде қандай болса, сайлаған халықтада сондай болу керек» Осы елдің азаматы, партиядан ұсынылған жоқ өзін өзі ұсынып сіздердің қолдауларыңызбен жеңіске жетті. Мырзахан Батырбекұлының тәжірибесі де, білімі де жетеді, облыс көлемінде қызмет еткен, енді туған елге қызмет ету ол үлкен абырой, Мырзахан болашағы алда азаматсың, Бұл қызметте әділ елді бөлмейтін әкім бол өзіңе сәттілік тілеймін, -деді аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы
Керімбеков Мырзахан Батырбекович, 1979 жылы 12 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қызметтік жолын 2001 жылғы 20 сәуірінен облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық департамент жетекші маман болып бастаған;
2005 жылғы 19 қаңтарынан облыстың көлік және автомобиль жолдары департаментінде инженерлік инфрақұрылым бөлімін басшысы;
2006 жылдың 3 сәуірінен облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман;
2012 жылғы 17 қазанынан Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары;
2021 жылғы 5 ақпаннан Сайрам ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы қызметін абыройлы атқарып келді.