
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды. Жаңа басшыны Бас Прокурордың орынбасары Е.Кененбаев таныстырды.
Ғабит Мұқанов 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Алматы облысы Кербұлақ және Талғар аудандары, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорларының орынбасары, Алматы облысы Талғар ауданының және Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының басқарма бастығы –Аппарат басшысы және Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2019 жылдан бастап ҚР Бас Прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментін басқарды.