ТҮРКІСТАН ВАКЦИНА АЛУ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы инфекцияға қарсы екпе салдыру бойынша елімізде Алматы қаласынан кейін екінші орында. Қазіргі таңда 662 мың адам вакцинаның 1-компонентін қабылдаса, қалған 545 мың азамат 2-компонентін алып үлгерген. Бүгінде облыс аумағында 237 дәрігер, 252 орта буын қызметкерлерінен құралған 80 егу бригадасы жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда өңірдегі екпе егу жұмыстары аудан, қала маңындағы емханалар мен жылжымалы вакцинациялау пунктерінде қарқынды жүріп жатыр. Тіпті арнайы топ шалғай жатқан ауылдардағы үй-үйді аралап, азаматтарға ерікті түрде коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар жасауда. Сонымен қатар, аймақта азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық арнайы медиа жоспар әзірленген. Халықты ерікті түрде екпе алуға үгіттеу мақсатында арнайы материалдар мен видеороликтер үздіксіз беріліп отырған. Нәтижесінде, Түркістан облысында ерікті түрде екпе салдырғандары саны арты отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *