
Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшаларының бой көтеріп жатқанына ризашылығын білдірді.
Көпқабатты үйлердің абаттандыру жұмыстарымен танысқан қала басшысы, аудан әкіміне абаттандыру жұмыстарының жобасына автотұрақ кеңістігін кеңейту жайын қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, қала басшысы құрылысты қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ете отырып жүргізу қажет екенін айта өтті.
Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес
Еңбекші ауданының Қарабастау тұрғын алабында спорт алаңшасы салынуда.
Спорт нысаны «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қоры арқылы демеушілік есебінен құрылуда.
Аудан әкімі Д.Есілбек Бойыт ата көшесінің бойында салынып жатқан ашық спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен таныстырды.