ШЫМКЕНТ: Аудандардағы жолдарға шағал тас төселуде

Қаратау ауданында топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қаратау ауданы аумағында жалпы 1272 көше бар, ол 1110 шақырымды құрайды. Оның ішінде 483 көше асфальт жол болса, 735 көшеге шағал тас төселген. Қалған 45,7 шақырым болатын жол топырақ көшелер, бұл 54 көше. Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол (тротуар), веложол (велодорожка) және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген.

Осы жылы аталған топырақ көшелердің барлығына шағал тас төселетін болады. Бұл жұмыстарды «Атырау Group» ЖШС-гі атқаруда.
Аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан жол құрылысының жұмыс барысын және көп қабатты үйлерге кіріс жолдары мен ирригация жүйелерін мердігер мекеменің нысан басшысымен бірге аралап, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемемен бірлесе шағал тас төсеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажет екенін және барлық жұмыстар аудан әкімінің жеке бақылауында екенін назарға алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *