Түркістан облысында 50 тойхананың ісі сотқа өтті

Түркістан облысында мейрамханалар мен тойханалардың саны 200-ден асады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде 1 жылдан астам уақыттан бері отбасылық мерекелік іс- шаралардың барлығына толықтай тыйым салынғандығы белгілі. Дегенмен өңірде тойлардың өтуі әлі күнге дейін тоқтамай отыр.
Жыл басынан бері мобильді топ пен полиция қызметкерлері 726 отбасылық мерекелерді анықтады. Оның 435-і мейрамханаларда, 291-і жеке үйлерде ұйымдастырылған. ​​​​​​​​​​Ордабасы ауданында «Шаңырақ» тойханасы 9 рет, Арыс қаласында «Асылай» тойханасында 8 рет, Сарыағашта «Алтын Ғасыр» тойханасы 6 рет, Отырарда «Жұлдыз», «Нұрсая», «Алтын Шаңырақ», Жетісайда «Алтын Сарай», «Табиғат», Төле биде «Аппақ ана», «Шаңырақ», Кентау қаласында «Ақерке» , Түлкібаста «Керуен», «Көкжайлау», Шардара ауданында «Гранд Азия» тойханалары 3 реттен той өткізуге жол берсе, Қазығұрт ауданында «Талғат», «Талғай ата», «Медеу ата», «Ханшайым», «Қазығұрт өнімдері» мейрамханалары карантин режиміне қарамастан 2 реттен отбасылық шаралар өткізген. ​​​​​​​​​​​​​ 50 мейрамхананың ісі сотқа өткізіліп, 34-не қызметтерін уақытша тоқтатуға сот шешімдері шықты. Өкінішке орай, кейбір тойхана қожайындары сот шешімінің мерзімі аяқталған соң, қайта той өткізуді жалғастыруға кіріскен.​​​​​​​​​​​ Мәселен Түркістан қаласында «Ұлытау», Мақтарал ауданында «Феруз» тойханаларына 2 реттен сот шешімі шыққан. ​​​​​​​Карантин талаптарын сақтамай, covid-19 инфекциясының таралу қауіпін тудыруға жол берген кәсіпкерлерлер мен жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар салынды. ​​​​​​​ Адамдардың жиі шоғырлануы мен тойлардың тоқтаусыз өткізілуі өңірдің ​ эпидемиологиялық жағдайының тұрақсыз болуына септігін тигізуде.​ Сондықтан мамандар облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтап, көпшілік орындарға бармауға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *