
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 5 бағыт бойынша іске асырылып жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдан бастап ЖІӨ 30%-ға дейін өсім береді. 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Цифрлық экожүйеге 67 млрд теңге сомасында инвестиция тартылады. Халықтың 97%-ы кеңжолақты интернетпен қамтылады.
Цифрлы Қазақстан жобасы аясында Шымкент қаласы Әл-фараби ауданында атауы заңдастырылған 45 көшеге 4321 дана QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2020 жылы аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлерге және 75 көшеде орналасқан 2380 жер үйлерге «QR-код» және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік Әл-Фараби ауданында жалпы 404 көше бар. Бүгінде аудан аумағында атауы берілмеген көше қалған жоқ. Жалпы, республикалық бюджеттен 2 жыл ішінде 35 млрд теңге жұмсалды. Цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстың экономикалық тиімділігі 803 млрд теңгені құрады.