«МЕЙІРІМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300 ОҚУШЫҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен «Мейірім» акциясы өтті. Акция аясында 300 оқушыға оқу құралдарымен жабдықталған сөмке таратылды. 17 түрлі оқу-құрал жабдығынан жинақталған сөмкелерді табыстау рәсіміне аға буын өкілдерімен, Түркістан қаласы ата-аналар мен педагогтар комитеті қоғамдық бірлестігінің төрайымы қатысты.
Алғаш болып сөз сөйлеген қала басшысы бүлдіршіндердің ел болашағының бастауы екендігін айтып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Жиын барысы мектепке жаңа қадам басқалы отырған оқушыларға сөмкелерін табыстаумен жалғасып, карантин ережелеріне байланысты 10 бүлдіршінге тапсырылды. Қалған оқушының құрал-жабдық сөмкесі ардагерлер ұйымының әлеуметтік дүкенінде берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *