
Ел азаматтары жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Президенттің биылғы Жолдауы әрбір қазақстандықтың ерекше назарын аударды десек қателеспейміз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқтығын айта келіп, жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру жобаларын, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік дамуына, 600 мыңға жуық қызметкердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруға, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға баса назар аудару керектігін атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы еліміздің болашақта дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап бергендей. Себебі, ондағы барлық бағыттар елдің өркендеуі, тағдыры үшін өте маңызды. Әр азаматтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған жаңа Жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді. Мәселен, ел Президенті өз Жолдауында қарапайым еңбек адамының, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың табыс көзін көтеруді, алдағы бес жылда халықты толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету мен елімізді цифрлық тұрғыдан дамыту жөнінде тапсырмалар берді. Сондықтан «Жолдау – болашағымыздың іргесін нықтауға бастайды» деп ұғынып, қуатты Қазақстанның әл-ауқатын көтеру жолында талмай қызмет етейік.