109 ҚОСЫМШАСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛДЫ МА?

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік тұжырымдамаларына сай іске асқан. Бұл жүйе қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда.

109- Бірыңғай байланыс орталығына құрылғалы тұрғындардан келген өтініштер статистикасы

Орталықтың байланыс құралдары төмендегідей

Instagram (@turkistan109),

Telegram (Turkistan 109),

WhatsApp (87071093109),

Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары және «Amazing Turkistan» қосымшасы

арқылы келіп түскен пікірлер ішіндегі өтінімдер тіркеліп, жауапты бөлімдерге жіберіліп, қызметке жүгінушіге жауап қайтарылуы немесе қажетті қызмет атқарылуы қамтамасыз етіледі.
Шағым-өтінімдер жарық, газ, жылу салалары бойынша ең жиі қолданылатын барлық әлеуметтік желі құралдары және тегін қоңырау шалу арқылы қабылдануда. Қабылданған өтінімдердің 25-30 пайызы дерлік түсініктеме-нақтылама жұмыстарын қажет етеді

Әр тіркелген өтінім бойынша жауапты бөлімдер тарапынан уақытылы және толыққанды жауап берілу, қажетті шаралар атқарылу ақпараты жинақталып, нәтижесінде әкімдік қызметкерлері, бөлімдері және басшылығына халықпен кері байланыс және жұмыс сапасының көрсеткіштері айқындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *