Сауран ауданы ақсақалдары генералмен кездесті

 Оранғай Ауылдық Қоғамдық Кеңесінен ауыл биі Жұмағали Бекмұрзаев, Ақсақалдар алқасының төрағасы Пахритдинов Абутдин және ауыл тұрғындары генералмен кездесуге барды. Қанша жылдан бері шешілмей келе жатқан түйіткілді мәселелерді ортаға салып талқылады. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков мырза сұрақтарға жауап беріп, арнайы мамандарға тапсырды. Берілген тапсырмалар дер кезінде шешімін табуын талап етті.

Түркістан Обл ДП ның жергілікті полиция бастығы полиция полковнигі Мылтықов Улугбек Тургынович аудандық қызметкерлері: Сауран ауданы полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Сапарбеков Акан Дәуірұлы

Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Есімхан Шерхан Темірханұлы ауыл тұрғындарына түсіндіріп ауылдық жерден жылдамдықты асырмас үшін арнайы белгі ,бейне камера қойылмайынша күнделікті қадағалау болатын айтып кезегімен алмасып отыратынын айтып түсіндірді .

Құрметті Полиция генерал -майоры ҚАЙРАТ мырза ! Сізге және Сіз басқарып отырған ұжымыңызға ризамыз! Істеріңізге береке,бірлік берсін!- деп аудан тұрғындары алғысын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *