Келестік әкім тұрғындармен ашық диалогқа шықты

   Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау аудан орталығынан шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін онлайн форматта өткізілсе, аудан орталығына жақын маңдағы тұрғындарды ашық ауада бетпе-бет қабылдады.

Қабылдауға жазылған Қошқарата ауылдық округінің тұрғындары көше жарық шамдары және жол мәселесін қозғады. Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы, Игілік және Көлтоған елді мекендерінің тұрғындары жалпы елді мекендердегі инфрақұрылым жұмыстарының кешеуілдеуінің себебін сұраса, онлайн форматта қатысқан Ұшқын, Ақтөбе және Жүзімдік тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды аудан әкіміне жолдады.

Өз кезегінде аудан әкімі Ақментай Есбаев тұрғындардың талап тілектерін тыңдай келе тұрғындардың өтініштеріне тиісті жауаптарын беріп, қажетті шаралар қабылданатындығын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *