
Сайрам ауданының барлық ауылдық округтерінде бүгінгі сенбі де тазалық шарасынан басталды. Оған елдімекендердегі мекеме , ұйымдары жұмылдырылды.
Күзгі шуақты күндерді пайдаланып, ауыл-аймақты тазартайық деген Аудан әкімінің ұсынысын қолдаған мекемелер мен тұрғындар аулалар мен көшелерді, арық, атыздарды қоқыстан тазартты.
Арнайы мекеме техникасымен қоқы сыртқы шығарылды, қураған ағаштар бұталанып, артығы отынға жіберілді.
Аудан әкімі Қарасу ауылдық округінде өткен сенбілікке қатысып, Ардагерлер аллеясында тазалық күнін қорытындылады.
Бұндай басқосу-жиын әр сенбіліктен соң жалғасып келеді.Оған тұрғындар да қатысуда .
Сенбілік соңында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшілері, осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары аудан әкімі алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Ауылдық округтердегі тазалық жұмыстарының барысын, қорытындысын баяндады. Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлім етті