
К.Цеткин көшесі — көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Бұл көшеде қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жобаның сметалық құжаттарында жалпы аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған. Сонымен қатар көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы жасалатын болады.
К.Цеткин көшесінің құрылыс жұмыстары «Көркем Сәулет» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Qazaqstan Expert» ЖШС-гі.
Көше құрылысы қараша айында ақталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Ғ.Иляев көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, аумаққа асфальт-бетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тас төсеу қаралған.
Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол салу жоспарланған.
Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке – А» ЖШС тарапынан атқарылуда. Техникалық қадағалаушы – «Tech Build» ЖШС-гі.
Қаламыздың әрбір бөлігін, кезегімен «қолайлы» дәрежеге жеткізу мақсатындағы жұмыстарымыз жалғасуда.