
Әлеуметтік желілерде ер адам Қарағанды облысында 20 жылдан бері еңбек құлдығында деп мәлімдеген видео хабарлама таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Tengrinews.kz.
Кадрларға өзін Алексей Александрович Котов деп атайтын орта жастағы ер адам түсірілген. Видеода ол Ресей Федерациясының Ярославль облысының тумасы екенін айтады.
«Анам, әкем, мен 20 жыл тұтқында болдым. Егер мүмкін болса, Қазақстаннан шығуға көмектесіңіз. Қарағанды облысы, Ақжал кенті, «Мұхтар» қыстағы. Әке, мүмкін болса, көмектесіңіз», — дейді ол.
Сонымен қатар, ер адам қыстаудың нақты орнын және оның иесінің атын атайды. Аталған факті бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталды.
«Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында видеоны анықтады, онда ер адам оны Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінде заңсыз ұсталатыны туралы хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы «бас бостандығынан заңсыз айыру»бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шет ауданындағы полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адамды — Ресей Федерациясының азаматын анықтады. Ол 20 жыл бойы 44 жастағы жергілікті тұрғын тарапынан заңсыз қанауға және еңбекке мәжбүрлеуге ұшырағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, онымен тергеу амалдары жүргізілуде», — деді облыстық ПД бастығының орынбасары Абиль Абильдин.