Көненің көзі «Хилует» мешіті не ескі «Хан» мешіті

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылға арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» маңызды екендігі айқын аталып кетті. Яғни, ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керектігі айтылған. Сол жобаның аясында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарының бірі ретінде Түркістан қаласында орналасқан 2 ғасырға жуық тарихы бар, бұрыңғы «Хан», қазіргі қайта қалыпқа келтірілген «Хилует» мешітін атауға болады.
Тарихқа үңілетін болсақ, Түркістан қаласы діни-рухани орталық болғаны ортағасырлық Қазақстан тарихынан белгілі.
Мәселен, Түркістандағы қазіргі Түркістан-Шымкент жол торабында орналасқан №33 үйдегі Хилует мешіттің орнында ХІХ ғ. ІІ жартысында Хұдояр ханға ханның өз рұқсатымен Ыбырайым молда Хан мешітін салғызған. Мешіт орналасқан А.Батырбеков көшесі күні кешегіге дейін Хан көшесі аталып келген. Мұның мәнісі осы көшенің бас жағында қазіргі Рабиға Сұлтан бегім көшесінің қиылысында, бұрыла бергендегі № 19 үйдің орынында Хан Худоярдың өз тұрағы болған дейді, аталған көшенің (Хан көшесі) тұрғыны ақсақал Рақым Қадыров. Мұндай Хан мешіті Түркістан қаласында екеу болған (қайта қалпына келтірілген) бірі Ескі Түркістаннның шахарістанында (әкімшілік бөлігі) басты магистраль көше Жеті атаның бойында болса, Мұндағы мешіт Хан ордаға жақын болған сондықтан қазақтың хандары т.б. игі жақсылары осы жерде намазын оқыған. Екіншісі Худояр ханға арнайы салынған рабадта орналасқан Хан мешіті деуге толық негіз бар.
Көненің көзінен, жұрттың сөзінен қалмай келе жатқан мешіт жоғары да аталып кеткен Баб Араб, Сейітмұрат мешіттерімен бір қатарда қиратылған. Тек, КСРО басшысы Сталин қайтыс болған соң ғана 1960 ж. ескі мешіт орынына жаңадан Текелік ұсталардың көмегімен бір күмбезді, айваны теріскей бетке қаратылып салынған кішігірім мешіт салынады. Алайда, 20 жылдан соң 1980 ж. намаз оқитын жамағаттың көбейуіне байланысты мешіт алдынан 1000 жуық мұсылман қауымы сиятын көлемі 28 х 18 жаңадан қазіргі Хилует мешіті бой көтерді.
Елбасымыздың 2017 жылға арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген мәлімдемесі, қазіргі уақыттағы діни адасудың нақты көрінісін бейнелеп, рухани дамуды көздеуде.
Осы себепті қазіргі қоғамымыздағы ең маңызды және өзекті мәселенің бірі дін атын жамылған түрлі ағым өкілдеріне қарсы ұлттық кодымызға негізделген, рухани жетілген, ұлттық құндылықтарын ұлықтай білетін, кемелденген тұлға қалыптастыратын орындарды асқақтату міндеті тұр.
«Әзірет Сұлтан» тарихи мәдени қорық мұражайының
ғылыми қызметкері,
тарихшы-археолог, этнолог Қ. Мұсабаев
Мустафа Кулумбетов, Ғаппар Сарсенбаев и ещё 27
Комментарии: 2
Поделились: 2
Нравится

Комментировать
Поделиться

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *