Атақты медиа-тренерлер түркістандық жастарға шеберлік сабақтарын ұсынды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала жастарымен кездесіп, атқарылатын жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша пікірлесті.
  Кездесуге арнайы қатысқан атақты медиа-тренерлер түркістандық жастарға өз бастамаларымен шеберлік сабақтарын ұсынды. Атақты журналист Динара Сәтжан — жеке бренд қалыптастыру, экономист Дәулет Төлеутайұлы — қаржылық сауат, психолог Айя Нұрдәулетқызы отбасы және жеке орта бойынша білімдерімен бөлісіп, бірқатар кеңестер берді.
 «Әр адамның қабілеті бар: бірі — балалық шағынан белгілі болатын, енді бірі — уақыт өте шыңдалып, танылатын. Бүгінгі кездесу — жастарымызға жаңа қырын ашуға мол мүмкіндік деп білемін. Заман көшіне ілесу үшін әрине үздіксіз даму керек және жастарымыз бұл бағытта биік жетістіктерге жетеді деп сенемін»,- деп Нұрбол Әбдісаттарұлы шаһар қонақтарына ізгі ниеті мен алғысын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *