
Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен, студенттер күніне орай Жайдарман ойыны өтті.
Ойын шымылдығын ашып берген қала әкімінің орынбасары Шалхарова Алия Богданқызы студенттерді мерекелерімен құттықтап, белсенді студенттерді қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Ойынға Түркістан қаласының университеттері мен колледж студенттерінен құралған 7 команда қатысып, «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Ойын соңында әділ-қазылар алқасы сөз алып, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті және жеңімпаз командаларды:
I орын — Амазонка тұрғындары (ХҚТУ);
II орын — Метеорит (ТКЖҚК)
III орын — Ice men’s (ТКЖМК) марапаттады.