«Қызыл кітапқа» енген 18 сұңқар-ителгіні заңсыз сақтаған ер азамат ұсталды

57 просмотров

 

 

 

21 қараша күні аумақтық инспекция, Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары С.Б. Көшкінбаевтың топ жетекшілігімен бірлесіп, Қарасай ауданының «Мечта» бау-бақша қоғамының аумағындағы №93 учаскедегі контейнерден ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 18 сұңқар-ителгінің заңсыз сақталғанын анықтаған.

Аталмыш оқиғаға қатысы бар ел азаматы ұсталды. Құстар тәркіленіп, уақытша бағып-қағу үшін «Сұңқар» ЖШС питомнигіне жеткізілді.

Аталмыш операция барысында Экология министрлігіне қарасты инспекторлардың ерекше қырағылық танытқанын айта кету қажет.

Заң бұзушылық Қарасай қалалық ПБ-не берілді. 2021 жылғы 21 қарашада ақпаратты енгізу кітабында тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.