ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖЫЛДА БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 69-ы сапалы сумен қамтылған, 5 елді мекенге кестемен берілсе, 7-іне ауыз су тасымалданады. «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы жөнінде баяндап өтті.
Биыл қалада 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жүргізілуде. Осы жылдың тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2 шағын ауданда (Тұран, Ынтымақ-2) құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ( ДКЗ) ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз суға қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.
Жыл соңына 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Қаламыздың даму жоспарына сәйкес, алдағы 2023 жылы сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *